• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №284

236 рет
көрсетілді

2016 жылғы 11 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №284 қаулысымен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан ірі - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын (бұдан әрі - сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Сараптаманы қаржыландыру пайдаланушы ұйымның немесе атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаражатынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. 2. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу тәртібі 3. Сараптаманы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің осы түрін жүзеге асыруға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) аккредиттелген ұйымдар (бұдан әрі - аккредиттелген ұйым) жүргізеді. 4. Сараптама объектілері: 1) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды орналастыру және салу алаңдарын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы; 2) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санатгагы радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды, көліктік қаптама комплектілерін жобалау және пайдалану құжаттамасы; 3) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды, көліктік қаптама комплектілерін техникалық жаңғыртуға арналған жобалық құжаттама; 4) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды, көліктік қаптама комплектілерін пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасы болып табылады. 5. Сараптаманы жүргізу мерзімділігі - үш жылда бір рет. 6. Пайдаланушы ұйым немесе атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) аккредиттелген ұйымға сараптама жүргізуге өтінім жібереді. 7. Жобалау және пайдалану құжаттамасы қағаз және электронды жеткізгіштерде беріледі. 8. Сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың басшылары: 1) сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын айқындайды, қажет болған жағдайда отандық және шетелдік мамандарды тартады. Бүл ретте Заңның 24-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар сарапшылар бола алмайды; 2) сараптама қорытындысына қол қояды. 9. Сараптама жүргізу мерзімі аккредиттелген ұйым өтінімді алған күннен бастап үш айдан аспауы тиіс. 10. Аккредиттелген ұйымдар сараптама жүргізу кезінде уәкілетті органмен келісілген есеп-қисап әдістемелерін қолданады. 11. Аккредиттелген ұйым сараптама жүргізу нәтижелері бойынша жүргізілген сараптаманың нысанасы мен объектісі туралы ақпаратты, өтініш беруші көздеп отырған немесе жүргізіп жатқан қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды, сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол берілетіні және мүмкін екені туралы тұжырымды қамтитын қорытынды береді. 12. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол берілетіні және мүмкін екені туралы қорытынды беріледі. 13. Сараптаманың теріс қорытындысы берілген жағдайда өтініш беруші ескертулерді жояды және жобалау мен пайдалану құжаттамасын сараптама жүргізу үшін қайта жібереді. Аккредиттелген ұйым қайта сараптаманы бастапқы (бұрын жобалау мен пайдалану құжаттамасының сараптамасын жүзеге асырған) құрамда жүргізеді. Қайта сараптама жүргізу мерзімі аккредиттелген ұйым өтінімді алған күннен бастап бір айдан аспауы тиіс.